2026 жылдың 6 маусым күні Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен, Сарыкөл ауылдық округі әкімі аппаратының «Абай ауылдық клубы» МКҚК ұйымдастыруымен Әйтеке бидің бел баласы, ел тәуелсіздігі жолындағы игі істердің жалғастырушысы Өтебас бидің 350 жылдық мерейтойына орай «Билік қонған басына бабасынан» атты облыстық жыршы-термешілер байқауы жоғары деңгейде өткізілді.
Тағылымы мол шараның мақсаты – Өтебас бидің өнегелі өмірі мен тарихи мұрасын кеңінен насихаттау, өңірден шыққан тарихи тұлғаларды дәріптеу, халқымыздың дәстүрлі жыршылық-термешілік өнерін дамыту және жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру болды.
Байқауға Қызылорда қаласы мен облыстың түкпір-түкпірінен келген өнерпаздар қатысып, екі кезең бойынша бақ сынады. Қатысушылар Өтебас бидің 350 жылдығына арналған жыр-толғауларды орындап, жергілікті жыршы-термешілердің шығармаларын нақышына келтіре орындау арқылы өздерінің өнері мен шеберліктерін танытты.
Өнер додасының қорытындысы бойынша қазылар алқасының шешімімен:
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.
Байқау барысында ұлттық өнердің құдіреті дәріптеліп, жыр мен терменің тағылымы кеңінен насихатталды. Дәстүрлі өнерді дамытуға бағытталған бұл шара көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, қатысушыларға шығармашылық шабыт сыйлады.
Өтебас бидің 350 жылдық мерейтойы аясында өткен тағылымды байқау ұлттық руханиятымызды ұлықтап, ата-баба мұрасын келер ұрпаққа жеткізу жолындағы маңызды мәдени шаралардың біріне айналды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kazaly-sarykol/press/news/details/1247141?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау