🔰Жұлдыз Сүлейменова республикалық оқыту семинарының ашылуына қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

🔰Жұлдыз Сүлейменова республикалық оқыту семинарының ашылуына қатысты

🏫Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Астана қаласындағы №100 «Келешек мектебінде» өткен республикалық оқыту семинарының ашылуына қатысты.

⚜️Семинар «Халықтық Конституцияның нормалары мен құндылықтары негізіндегі «Таза Қазақстан», «Заң және тәртіп» және «Адал азамат» бағдарламаларын ілгерілету» тақырыбына арналды.

🧑🏻‍🏫Іс-шараға еліміздің барлық өңірлерінен 200-ден астам «Келешек мектептері» директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мемлекеттік органдардың өкілдері, білім беру ұйымдарының басшылары мен сарапшылар қатысты.

📘Семинар барысында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру, Конституциялық құндылықтарды тәрбие жұмысына кіріктіру, құқықтық және экологиялық мәдениетті дамыту, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

🤖Сондай-ақ қатысушылар буллингтің алдын алу, ата-аналармен өзара іс-қимылды нығайту және жасанды интеллект мүмкіндіктерін білім беру үдерісінде пайдалану бағытындағы тәжірибелерімен бөлісті.

📌Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар өңірлерде тәрбие жұмысын жетілдіруге бағытталған практикалық ұсынымдар әзірледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum-khantau/press/news/details/1247558?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version