1 маусым – балаларды қорғау күні!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қымбатты жерлестер!
Айналайын балалар!

Сіздерді ең жарқын, ең қуанышты мереке – 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бала – өміріміздің мәні, болашағымыздың кепілі, әр шаңырақтың сарқылмас қуанышы мен бақыты. Өсіп келе жатқан жас ұрпаққа қамқорлық жасау, олардың сапалы білім алып, дені сау, саналы азамат болып қалыптасуына жағдай жасау – мемлекетіміздің және әрбір ересек адамның басты міндеті. Жетісу өңірінде де балалардың шығармашылық, спорттық және зияткерлік әлеуетін дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді және бұл игі істер алдағы уақытта да жалғаса береді.

Балақайлар, жазғы демалыстарың көңілді, қызықты әрі пайдалы өтсін! Жүздеріңнен күлкі, көздеріңнен бақыт оты ешқашан өшпесін. Армандарың асқақ, аспандарың ашық болсын!

Ізгі ниетпен,
Жетісу облыстық мәслихатының төрағасы Г.Тойлыбаева

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetisy-maslihat/press/news/details/1246993?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version