2026 жылғы 15 маусымда Железин ауданында кәсіпкерлікті дамыту және инвестициялық қызмет мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Іс-шараға Железин ауданының прокуроры Бақытжан Қуандықұлы Бабаев, Железин ауданы әкімінің орынбасары Нариман Ерғанатұлы Омар , Железин ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Асқар Есімжанұлы Абылгазин, Железин ауданы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Бауыржан Қайырслямұлы Қантарбаев, “Демеу КС” ЖШС басшысы Талғат Жұмабекұлы Қожамжаров, ЖШС басшылары ШҚ, кәсіпкерлер қатысты. Кездесу барысында жер заңнамасын қолданудың, салықтық әкімшілендірудің өзекті мәселелері, сондай-ақ “Ауыл Аманаты” бағдарламасы шеңберінде кредит беру шарттары мен мемлекеттік қолдау шаралары қаралды.
Дөңгелек үстелге қатысушылар өздерін қызықтырған мәселелер бойынша түсініктеме алды, бар проблемалар мен оларды шешу жолдарын, сондай-ақ аудан аумағында инвестициялық жобаларды іске асыру перспективаларын талқылады.
Мұндай кездесулер мемлекеттік органдар мен бизнестің өзара іс-қимылын нығайтуға, қолайлы инвестициялық ахуал жасауға және Железин ауданында кәсіпкерлікті дамытуға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-zhelezinka/press/news/details/1245982?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version