2026 жылғы 23 маусымда Астана қаласы бойынша тексеру комиссиясы техникалық оқу жоспары аясында қызметкерлерге семинар өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 23 маусымда Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясында техникалық оқу жоспары аясында Қазақстан Республикасы заңнамасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы талаптарын сақтау мәселелеріне арналған семинар өткізілді.

Іс-шара сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру, адалдық қағидаттарын және кәсіби әдеп нормаларын нығайту мақсатында ұйымдастырылды.

Техникалық оқу барысында Тексеру комиссиясының төрағасы Ақпомбаев И.Л. мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі мен Тексеру комиссиясының жұмыс регламентін мүлтіксіз сақтаудың маңыздылығына ерекше назар аударды.

Іс-шараға Тексеру комиссиясының мемлекеттік қызметшілері қатысып, спикерлер ретінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің бас сарапшысы Сапарбеков А.Қ. және Астана қаласы Дін істері басқармасының басшысы Қөшқали Қ.Д. сөз сөйледі.

Іс-шара барысында қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі талаптары, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу шаралары, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін көзделген жауапкершілік түсіндірілді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің бас сарапшысы Сапарбеков А.Қ. мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама талаптарын сақтау, қызметтік әдеп нормаларын ұстану, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіруі мүмкін құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік мәселелеріне жан-жақты тоқталды.

Астана қаласы Дін істері басқармасының басшысы Қөшқали Қ.Д. діни саладағы заңнама талаптарын сақтау мәселелерін түсіндіріп, діни сенімдерді күштеп таңуға, бағынысты қызметкерлерді діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлеуге жол берілмейтінін, сондай-ақ зайырлы мемлекет қағидаттарын сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, қатысушыларға Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 453 және 490-баптары бойынша түсіндірме берілді. Аталған баптар белгіленген тәртіпті бұза отырып, діни мазмұндағы материалдарды қоса алғанда, өнімдерді дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау және тарату үшін, сондай-ақ діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнаманы бұзу, оның ішінде діни сенімдерді таңу және азаматтарды діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлеу үшін жауапкершілікті көздейді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/nur-rkastanagov/press/news/details/1246245?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version