2026 жылғы 25 маусым күні Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Алға ауданына жұмыс сапарымен барады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Жұмыс сапары барысында облыс әкімі Алға қаласы мен Тамды ауылдық округіндегі бірқатар әлеуметтік, өндірістік және инфрақұрылымдық нысандардың жұмысымен танысады.

Сапар аясында өңір басшысы күрделі жөндеуден өткен аудандық қорғаныс істері бөлімін аралап, Ш.Уәлиханов көшесіндегі автомобиль жолына жүргізіліп жатқан орташа жөндеу жұмыстарының барысын қарайды. Сонымен қатар аудандық мәдениет үйінде жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының аяқталу кезеңімен танысады.

Бағдарламаға тротуар плиткаларын өндіру бойынша жаңадан іске қосылған өндірістік цехтың қызметімен танысу, «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында салынған жаңа скверді аралау және Алға қаласындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс жұмыстарының нәтижелерін қарау енгізілген.

Сондай-ақ облыс әкімі Тамды ауылдық округіне барып, «Өтеғұл» шаруа қожалығы жанынан салынып жатқан кемпинг жобасының жүзеге асырылу барысымен танысады. Жоба ауыл тұрғындары үшін жаңа жұмыс орындарын ашуға және жол бойындағы сервисті дамытуға бағытталған.

Жұмыс сапары барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, кәсіпкерлікті қолдау, инфрақұрылымды жаңғырту және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру мәселелері қаралады.

Сапар қорытындысы бойынша өңірдің одан әрі дамуына бағытталған нақты тапсырмалар беріледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1246685?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version