Осы айтулы күнде ел дамуына өз үлестерін қосып, халыққа сапалы қызмет көрсету жолында аянбай еңбек етіп жүрген барлық мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, отбасылық амандық, еңбектеріңізге табыс пен толағай жетістіктер тілейміз.
Мереке қарсаңында Департаменттің басшы міндетін атқарушы Гүлдар Сапарбекқызы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Қарымсақов Ержан Нағызханұлының Алғыс хатымен марапатталды.
Сондай-ақ, бөлім басшысы Серік Сатыбалдыұлы Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Сүлейменова Жұлдыз Досбергенқызының атынан Құрмет грамотасына, бас маман Асел Дуйсенбайқызы Алғыс хатқа ие болды.
Сіздерді лайықты марапаттарыңызбен құттықтай отырып, алдағы уақытта да кәсіби биіктерден көрініп, ел игілігі жолындағы еңбектеріңіздің жемісті болуын тілейміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-turkestan/press/news/details/1246242?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау