Кәсіби мерекеге орай, ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Жақсылық Жанерке Алмасқызы сөз сөйлеп, департамент мамандарын кәсіби мерекемен құттықтады. Департамент басшысы мемлекеттік қызметшілердің ел игілігі жолындағы жауапты еңбегін атап өтіп, саладағы қызмет сапасын арттыруға қосып жатқан үлестеріне алғысын білдірді.
Мерекелік іс-шара аясында мемлекеттік қызметкерлер арасында өткен «ҮЗДІК САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУШІ» Республикалық конкурсының өңірлік кезеңінен II орын иеленгені үшін департаменттің бас маманы Сайпов Ерлан Нартайұлы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысы Е.Мендалиевтің Дипломымен марапатталды.
Аталған жетістік – мемлекеттік қызмет сапасын арттыру бағытында атқарылып жатқан жүйелі еңбектің нәтижесі.
Барша мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекемен құттықтаймыз!
Ел игілігі жолындағы еңбектеріңіз жана берсін, абыройларыңыз арта берсін!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-kyzylorda/press/news/details/1246207?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау