Ардақты ағайын!
Сіздерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Көк туымыз, Елтаңбамыз бен Әнұранымыз – бұл тек мемлекеттік белгілер емес. Бұл – біздің тәуелсіздігіміздің тірегі, ұлттық рухымыздың үні және бабалар аманатының көрінісі. Олар біздің өткен тарихымызға деген құрметті, бүгінгі бірлігімізді және жарқын болашаққа деген сенімімізді айшықтайды.
Рәміздерді қастерлеу – әрбір азаматтың Отанға деген шексіз сүйіспеншілігі мен патриоттық сезімінің басты көрсеткіші!
Осынау айтулы мерекеде баршаңызға мықты денсаулық, шаңырақтарыңызға құт-береке, бақ-дәулет тілеймін!
Еліміздің іргесі тыныш, бірлігіміз бекем болсын. Еліміз гүлденіп, тәуелсіздігіміздің символы болған Мемлекеттік Туымыз бейбіт аспанда мәңгі желбірей берсін!
Ізгі ниетпен,
Жетісу облыстық мәслихатының төрағасы Г. Тойлыбаева
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetisy-maslihat/press/news/details/1246971?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау