«Адалдық пен жауапкершілік – мемлекеттік қызметтің негізі»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

23 маусым – Мемлекеттік қызметші күніне орай Қабанбай ауылдық мәдениет үйі мен кітапхана қызметкерлері ауылдық округ әкімдігі қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Мерекелік құттықтау барысында мемлекеттік қызметте абыройлы еңбек етіп жүрген азаматтарға ақжарма тілектер айтылып, қызметтеріне толағай табыс, отбасыларына амандық пен береке тілінді.

Іс-шара аясында әсем әндер мен тәтті күйлер орындалып, мереке иелеріне гүл шоқтары табысталды.

Іс-шара мемлекеттік қызметшілерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, мерекелік атмосфера қалыптастырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-kabanbai/press/news/details/1246585?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version