Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі мемлекеттік қызметшілердің қызметтік міндеттерін орындау кезінде де, қызметтен тыс уақытта да ұстануға тиіс мінез-құлықтың негізгі стандарттарын айқындайды.
Мемлекеттік қызметшінің қызметі заңдылық, адалдық, әділдік, кәсібилік, жауапкершілік, ашықтық қағидаттарына негізделеді. Сонымен қатар азаматтар мен әріптестерге құрметпен қарау және мүдделер қақтығысына жол бермеу мемлекеттік қызметтің басты қағидаттарының бірі болып табылады.
Әрбір мемлекеттік қызметші:
– қызметтік міндеттерін адал әрі сапалы орындауға;
– Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасын сақтауға;
– қызметтік тәртіп талаптарын орындауға;
– азаматтар мен әріптестерге құрметпен қарауға;
– лауазымдық өкілеттіктерін жеке басының мүддесіне пайдаланбауға;
– мүдделер қақтығысының алдын алу және оны реттеу жөнінде шаралар қабылдауға;
– сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамада белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауға;
– қызметтік ақпараттың және мемлекеттік мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
Мемлекеттік қызметшілерге:
– қызметтік жағдайын жеке пайда табу мақсатында пайдалануға;
– қызметтік міндеттерін орындауына байланысты сыйлықтар мен өзге де сыйақылар қабылдауға;
– мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін әрекеттер жасауға;
– қолжетімділігі шектеулі ақпаратты таратуға;
– азаматтармен қарым-қатынас барысында дөрекілікке, құрметсіздікке және кемсітушілікке жол беруге тыйым салынады.
Қызметтен тыс уақытта да мемлекеттік қызметші қоғамдық әдеп нормаларын сақтауға, мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін әрекеттерге жол бермеуге, қоғамдық орындардағы мінез-құлық қағидаларын сақтауға және әлеуметтік желілерді дұрыс әрі жауапкершілікпен пайдалануға міндетті.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі талаптарын сақтау мемлекеттік органдарға деген қоғамның сенімін нығайтуға, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға және мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыруға ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-gdu/press/news/details/1246113?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау