АКИМ РАЙОНА ПРОИНСПЕКТИРОВАЛ СТРОИТЕЛЬСТВО И КОММУНАЛЬНЫЕ ОБЪЕКТЫ В СЕЛАХ АКСУ-АЮЛЫ И ОСПЕН

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аудан әкімі М.Мұхтаров жұмыс сапарымен аудан орталығы Ақсу-Аюлы мен Өспен ауылдық округінде болып, бірқатар маңызды әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандардың құрылыс-жөндеу жұмыстарымен танысты.
Аудан басшысы ең алдымен аудан орталығындағы №14 өрт сөндіру бөлімінің іргелес аумағында жүріп жатқан абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын тексерді. Аудан әкімі мердігер мекемелер мен жауапты бөлім басшыларына жұмыстың сапасы мен мерзіміне қатысты нақты тапсырмалар жүктеді.
Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуда маңызды рөл атқаратын кәріздік тазарту қондырғысының құрылыс барысы қаралды. Нысанның үздіксіз әрі экологиялық стандарттарға сай жұмыс істеуі — аудан орталығының санитарлық және коммуналдық қауіпсіздігінің басты кепілі. Аудан әкімі М.Мұхтаров қондырғының қуаттылығы мен алдағы уақыттағы техникалық қызмет көрсету жоспарларын пысықтады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet/press/news/details/1246716?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version