«Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» КММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді бастау туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ХАБАРЛАНДЫРУ

«Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» КММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді бастау туралы

 

Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес 2026 жылғы 01 шілде мен 03 тамыз аралығында басқарманың қызметінде келесі бағыттар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланғанын хабарлайды:

1) талдау объектісінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау;

3) мүдделер қақтығысын реттеу;

4) мемлекеттік қызметтер көрсету;

5) рұқсат беру функцияларын іске асыру;

6) бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу;

7) жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу;

8) ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану;

9) талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен әкімшілік кедергілер туралы мәліметтер, сондай-ақ талданатын саланы жетілдіру бойынша ұсыныстар болған жағдайда, 2026 жылғы 07 шілдеге дейін ақпаратты келесі электрондық поштаға жіберуді сұраймыз 2616783@gmail.com, WhatsApp–
8 775 069 33 64, ғимарат: 050021, Алматы қ., Достық даңғылы, 85, № 418 кабинет.

Келіп түскенақпарат сыбайлас жемқорлықтәуекелдерінжою бойынша ұсынымдарәзірлеуүшінпайдаланылатынболады.Құпиялылықпенанонимділіккекепілдік беріледі.

Сұрақтар туындаған жағдайда 8775 069 33 64 телефоны бойынша хабарласуға болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-uzsp/press/news/details/1247203?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version