⚜️Аудан әкімі А.Қазыбаевтың төрағалығымен аппарат мәжілісінің отырысы өтті. Отырысқа аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары қатысты.
🔸️Отырыста ауданның негізгі даму көрсеткішінің орындалуы, суға түсу маусымындағы қауіпсіздік шаралары, жасыл ел жасақшыларының жұмысы және аудан бойынша мал азығының дайындау науқаны барысы талқыланды.
🔹️Аудан бойынша мал азығының дайындау науқанының барысы туралы Ойыл аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Алдияр Арсланбек Алтынбекұлы баяндама жасады.
🔸️Жиын соңында күн тәртібінде қаралған мәселелер және «Заң мен Тәртіп» идеологемасын ілгерілету жөніндегі әдістемелік ұсынымдардың негізгі ережелерінің сапалы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі тапсырмалар бойынша аудан әкімі бөлім басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-uil/press/news/details/1246397?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау