Ақмола облысындағы қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақмола облысында қызылшамен сырқаттанушылықтың төмендеуі байқалғанымен, эпидемиологиялық жағдай әлі де бақылауда. Оң динамикаға қарамастан, вирус халық арасында айналымда болғандықтан, аурудың жаңа жағдайларының пайда болу қаупі сақталуда.

Қызылша ең жұқпалы инфекциялардың бірі. Вакцина алмаған немесе иммунитеті жоқ адамдар болған жағдайда ауру тез таралып, инфекция ошақтарының пайда болуына әкелуі мүмкін.

2026 жылдың басынан бері облыста қызылшаның зертханалық расталған 172 жағдайы тіркелді, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 23,5%-ға төмен.

Сонымен қатар, сырқаттанушылықты талдау науқастардың жас құрылымының өзгергенін көрсетеді. Бұрын қызылша көбіне вакцина алмаған балалар арасында тіркелсе, бүгінде ауру жасөспірімдер мен ересектер арасында жиірек анықталуда.

Қазіргі уақытта сырқаттанғандардың әрбір екіншісі ересек адам.

Бұл халық арасында инфекциядан жеткілікті қорғанысы жоқ адамдардың әлі де көп екенін көрсетеді. Науқастардың арасында вакцина алмаған азаматтар, екпе мәртебесі белгісіз адамдар, сондай-ақ вакцинацияның толық курсын алмағандар бар. Оның ішінде вакцина алмағандардың елеулі бөлігін профилактикалық егуден бас тартқан адамдар құрайды.

Қызылшадан қорғанудың ең тиімді жолы – вакцинация. Қазақстан Республикасының профилактикалық егулердің ұлттық күнтізбесіне сәйкес қызылшаға қарсы вакцина екі рет енгізіледі бірінші екпе балаға 12 айлығында, екіншісі 6 жасында салынады. Вакцинацияның толық курсы тұрақты иммунитет қалыптастырып, ауруға шалдығу және ауыр асқынулардың даму қаупін едәуір төмендетеді.

Қызылшаның алдын алған оны емдегеннен әлдеқайда тиімді. Уақтылы вакцина алу өзіңізді ғана емес, жақындарыңызды да қорғауға мүмкіндік береді, сондай-ақ ұжымдық иммунитеттің сақталуына және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығының қамтамасыз етілуіне ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-akmolinsk/press/news/details/1245673?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version