Ақтауда рұқсатсыз салынған қайық айлағы сүрілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Ақтау қаласының 4А шағын ауданындағы «Жартасты соқпақ» аумағында теңіз жағалауына заңсыз салынған қайық айлағы толықтай бұзылды.
 
Бұған дейін қала әкімдігі рұқсатсыз құрылыс жүргізген кәсіпкермен кездесу өткізіп, заң бұзушылықтарды жою жөнінде қатаң ескерту мен тиісті нұсқама берген болатын.
 
Алайда кәсіпкер қойылған талаптарды орындамағандықтан, нысанды демонтаждау жұмыстары қала әкімдігінің күшімен жүзеге асырылды. Қазіргі уақытта заңсыз салынған айлақ толық сүрілді.
 
– Ақтау қаласының аумағында жер учаскелерін, жағалау белдеулерін және қоғамдық кеңістіктерді заңсыз игеруге немесе рұқсатсыз құрылыс жұмыстарын жүргізуге жол берілмейтінін ескертеміз. Мұндай заң бұзушылықтар анықталған жағдайда кінәлі тұлғаларға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті әкімшілік шаралар қолданылады, – деді Ақтау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының орынбасары Бегалы Хожахметов.
 
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1247375?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version