Ақтөбе облысында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттерін қолдауға, олардың кәсіби құзыреттерін дамытуға және жұмысшы мамандықтарын насихаттауға бағытталған «Қазақстан Республикасы колледждерінің үздік 100 студенті» республикалық конкурсының облыстық кезеңі өз мәресіне жетті.
Байқау қорытындысы бойынша өңірдің үздік он студенті анықталып, республикалық кезеңге жолдама алды.
Жеңімпаздар оқу үлгерімі, кәсіби даярлығы, қоғамдық белсенділігі мен авторлық жобаларын жүзеге асырудағы жетістіктері арқылы ерекшеленді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-bilim/press/news/details/1245651?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау