Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Мәңгілік Ел даңғылы мен Сығанақ көшесінің көлік айрығында жол жабынының үстіңгі қабатын төсеу жұмысын жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Осыған байланысты 2026 жылғы 23-24 маусым аралығында келесі учаскелерде автокөлік қозғалысы толықтай жабылатын болады:
* Мәңгілік Ел даңғылынан Сығанақ көшесіне, Түркістан көшесі бағытына қарай оңға бұрылатын съезд;
* Түркістан көшесі жағынан Достық көшесі бағытына қарай оңға бұрылатын съезд.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және жол қозғалысын ұйымдастырудағы өзгерістерді ескеруі қажет.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1245600?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау