АУДАН ӘКІМІНІҢ АҚҚЫР АУЫЛЫ ХАЛҚЫМЕН КЕЗДЕСУІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, 2026 жылдың І жартыжылдығы қорытындысымен аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың халықпен кездесулері Аққыр ауылдық округтерінде жалғасты.

Кездесу барысында аудан әкімі ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталып, биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында атқарылған жұмыстар мен алдағы кезеңге жоспарланған жобалар туралы баяндады.

Сондай-ақ, ауыл тұрғындарының ұсыныс-пікірлері тыңдалып, елді мекендерді дамытуға бағытталған бастамалар мен алдағы жұмыстар жан-жақты талқыланды.

Аққыр ауылында биыл 3 көшеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, толық аяқталды.

Кездесулер соңында тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер назарға алынып, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhalagash-aqqyr/press/news/details/1247878?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version