Таразда Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне орай «Jambyl» телеарнасының негізін қалаушылардың бірі, белгілі журналист, қоғам қайраткері Мұса Рахманбердиевтің жүлдесі үшін өткен дәстүрлі бильярд турнирі өз мәресіне жетті.
Қатсушылар жас ерекшеліктеріне қарай екі топқа бөлініп, өзара мықтыны анықтады.
Тартысты өткен жарыстың қорытындысы бойынша жастар арасында І орынды Ерғали Қартайған, ІІ орынды Серік Тәжібаев, ІІІ орынды Берік Жакулаев иеленді.
Ал ардагерлер арасында Құрманғазы Демешов – І, Көсемәлі Сәттібайұлы – ІІ, Ғалым Қасабай – ІІІ орындарды еншіледі.
Сонымен қатар турнирде үздік ойын көрсеткені үшін Бақытжан Советұлы, Жасұлан Әбдіхалық және Тимур Сейілхан арнайы ынтыландыру сыйлықтарымен марапатталды.
Айта кетейік, БАҚ өкілдерінің басын бір арнаға тоғыстырып, достық пен бірліктің жаршысына айналған бұл турнир биыл осымен 19-рет ұйымдастырылып отыр.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/1247572?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау