Орал қаласында Батыс Қазақстан облысы Әділет департаменті мен «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Меморандумның негізгі мақсаты – аға буын өкілдерінің құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықтық көмек көрсету, азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау бағытындағы бірлескен жұмыстарды дамыту.
Тараптар құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу, ақпараттық іс-шаралар ұйымдастыру, азаматтарға құқықтық кеңес беру және құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша өзара ынтымақтастықты нығайтуға келісті.
Аталған меморандум халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және қоғамдағы құқықтық мәдениетті дамытуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-bko/press/news/details/1246958?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау