Шығыс Қазақстан облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында жазғы демалыс кезеңінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне арналған брифингке қатыстым.
Брифинг барысында балалардың жазғы сауықтыру демалысын қауіпсіз ұйымдастыру, сауықтыру ұйымдарының санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету және балалардың денсаулығын қорғау мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ, жазғы сауықтыру ұйымдарының қызметіне қойылатын санитариялық талаптар, балалардың тамақтануын ұйымдастыру, ауыз су сапасы, медициналық қызмет көрсету, аумақтарды күтіп ұстау және жұқпалы аурулардың алдын алу шаралары туралы ақпарат берілді.
Брифингте облыс аумағындағы жазғы сауықтыру ұйымдарының жаңа маусымға дайындығы, санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу тәртібі және жүргізіліп жатқан бақылау жұмыстары туралы айтылды.
Іс-шара соңында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрақтарына жауап берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-vko/press/news/details/1247520?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау