Бүгін, 2026 жылғы 23 маусымда Қостанай қалалық мәслихатының төрағасы Омарғали Байғабыловтың төрағалығымен сегізінші шақырылған Қостанай қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сессия жұмысына “Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі” мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары Меруерт Таңатарова және “Қостанай қаласы әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінің заң қызметінің басшысы Әсем Төребекова қатысты.

Күн тәртібінде депутаттардың бірауыздан шешімімен 2 мәселе бекітілді, олар комиссиялардың бірлескен отырыстарында алдын ала қаралып, мәслихат сессиясының бекітуіне енгізілді.

Қостанай қаласының әкімі ұсынған өзгерістерге сәйкес, кадрлық өзгерістерге байланысты қылмыстық жазаларды және қылмыстық-құқықтық Ықпал етудің өзге де шараларын орындайтын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік-кеңесші органның дербес құрамы, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы бекітілді Қостанай қаласы әкімдігінің жанынан жаңа редакцияда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kostanay-city/press/news/details/1246152?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version