Мерекелік кеш барысында ауыл әкімі Қадырбек Жексенбаев ақ халатты абзал жандарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың халық денсаулығын сақтаудағы ерен еңбектеріне алғысын білдірді.
⚜️Шара барысында әсем әндер шырқалып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған музыкалық бағдарламалар ұсынылды. Сонымен қатар қонақтарға арнайы дастарқан жайылып, фуршет ұйымдастырылды.
⚜️Адам жанының арашасы болып жүрген барлық медицина қызметкерлеріне зор денсаулық, отбасыларына амандық, еңбектеріне табыс тілейміз!
#МедицинаҚызметкерлеріКүні #АқХалаттыАбзалЖандар #БаяндыАуылы #ҚұрметПенАлғыс
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1246011?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау