Целиноград ауданы әкімі мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекемен құттықтады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрметті мемлекеттік қызметшілер!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мемлекеттік қызметші күнімен құттықтаймын!

Мемлекеттік қызмет – бұл жай ғана лауазым емес, ол – ұлтқа адал қызмет ету, ел сенімін арқалау және мемлекетіміздің даму бағытын айқындау.    Әрбір өркениетті елдің басты тірегі де, оның саясатын іс жүзіне асырушы қозғаушы күші де – мемлекеттік қызметшілер. Сондықтан ұлт мәртебесін көтеріп, ел абыройын асқақтату — әрбіріңіз үшін зор мәртебе, биік жауапкершілік.

Мемлекеттік қызметші — мемлекеттің айнасы және халық пен билік арасындағы алтын көпір.

Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз бен абыройлы қызметтеріңіздің арқасында Целиноград ауданы серпінді дамып, мемлекеттік қызметтің жаңа, оң имиджі қалыптасып келеді. Өңірдің әлеуетін арттыруға қосқан әрбір үлестеріңіз үшін алғыс білдіремін.

Осынау жауапты жолда отбасыларыңызға амандық, денсаулық, әрбір жаңа бастамаларыңызға толағай табыстар тілеймін! Егемен еліміздің — Қазақстан Республикасының өсіп-өркендеуі жолындағы еңбектеріңіз әрдайым жемісті болсын! Отбасыларыңызға амандық, әрбір жаңа бастамаларыңызға сәттілік тілеймін!

 

Ізгі тілекпен,

Целиноград ауданының әкімі

Дарын Сабырғалиұлы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1245820?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version