Денсаулық сақтау саласындағы дезинфекция, дезинсекция және дератизация қызметтерін лицензиялау

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Дезинфекция, дезинсекция және дератизация – ауру тудыратын микроорганизмдерді, жәндіктер мен кеміргіштерді жоюға бағытталған іс-шаралар. Қазақстанда көрсетілетін осы қызметтердің сапасын қамтамасыз ету мақсатында аталған қызмет түрін міндетті лицензиялау енгізілген.

Осылайша, «Биологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 21 мамырдағы №123-VII Заңына сәйкес, аталған қызметтерді көрсететін кәсіпкерлік субъектілері 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап өз қызметін лицензия негізінде жүзеге асыруға міндетті.

Лицензия ұйымның белгіленген талаптарға сәйкестігін, білікті мамандарының, қажетті жабдықтарының бар екенін және жұмыстарды санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес жүргізуге жағдай жасалғанын растайды.

Денсаулық сақтау саласында дезинфекция, дезинсекция және дератизация қызметтерін көрсетуге лицензия алған Ақмола облысындағы ұйымдардың тізімімен Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ресми сайтында танысуға болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-akmolinsk/press/news/details/1245668?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version