Халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында ауыл әкімі аппаратының мамандары тұрғындар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуде.Түсіндіру барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу шаралары, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін көзделген жауапкершілік туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар мемлекеттік органдар қызметіндегі заңдылық, ашықтық және жариялылық қағидаттарын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылуда.Тұрғындарға күнделікті өмірде сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу жөнінде ұсынымдар беріліп, сыбайлас жемқорлық фактілері анықталған жағдайда уәкілетті органдарға жүгіну тәртібі түсіндірілді. Сондай-ақ заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі белсенді азаматтық ұстанымның маңыздылығы атап өтілді.Іс-шара барысында тұрғындарға арнайы ақпараттық жадынамалар таратылды.Осындай іс-шараларды өткізу халықтың мемлекеттік институттарға деген сенімін нығайтуға және қоғамда «Заң және тәртіп» қағидатын қалыптастыруға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-nurinsk-shahter/press/news/details/1246963?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version