Кәсіби мерекеге орай Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті қызметкерлерін марапаттау

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 23 маусымында Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің қызметкерлерін кәсіби мерекесі – Мемлекеттік қызметшілер күнімен департамент басшысы Е.А. Абжатов құттықтады. Көп жылғы адал қызметі және жоғары кәсібилігі үшін «Әлеуметтік-еңбек саласының үздігі» төсбелгісімен еңбек саласын бақылау және талдау бөлімінің бас маманы – мемлекеттік еңбек инспекторы Е.М. Рублевская марапатталды. Сонымен қатар, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің алғыс хаттарымен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды бақылау бөлімінің басшысы – Қ.Т. Жанаев және еңбек саласын бақылау және талдау бөлімінің басшысы – С.С. Таушкеев марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-enbek/press/news/details/1247706?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version