«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10-бабына сәйкес, сегізінші шақырылымдағы Келес аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз жетінші сессиясы 2026 жылдың 26 маусым күні сағат 10:00-де Келес ауданы әкімдігінің мәжіліс залында өтетіндігін хабарлаймыз.
Сессия қарауына енгізілген мәселелер:
- Келес аудандық мәслихатының 2018 жылдың 21 қарашасындағы №6-43-VI «Жер комиссиясын құрудың кейбір мәселелері туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
- Аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерінің орнына қайта мүше сайлау туралы.
- Келес аудандық мәслихатының 2018 жылғы 10 қазанындағы «Келес ауданы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның құрамын бекіту туралы» №5-30-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Келес аудандық мәслихатының 2018 жылдың 24 желтоқсандағы Аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамын бекіту туралы» №8-61-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.
Аудандық мәслихат
төрағасының міндетін
уақытша атқарушы Н.Мережепов
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-keles/press/news/details/1246370?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау