Кітап оқу мәдениеті: Астанада Aqsham Talks зияткерлік алаңы ұйымдастырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астанада кітап оқу мәдениетін насихаттауға бағытталған «Зерделі ұлт: оқу мәдениеті және ұлт болашағы» тақырыбында Aqsham Talks зияткерлік алаңы ұйымдастырылды. «Elorda Aqparat» медиасеріктестігі ұйымдастырған іс-шара Мемлекет басшысының кітап оқитын ұлт қалыптастыру жөніндегі бастамасы аясында өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жиын барысында кітап оқу мәдениетінің қоғам дамуындағы рөлі, жасанды интеллект дәуірінде білімді меңгерудің жаңа тәсілдері, оқылған кітаптан практикалық пайда алу жолдары, жастардың оқу дағдыларын қалыптастыру және кітаптың шығармашылық ойлауды дамытудағы маңызы талқыланды.

Іс-шараға халықаралық құқық маманы Алмат Игенбаев, жасанды интеллект зерттеушісі Тимур Бектұр, филолог-зерттеуші Арын Құнанбайлы, педагог-тренер Ескенбір Бестай және сценарист, креативті продюсер Рамазан Файылов қатысып, өз ойларын ортаға салды.

Спикерлер қазіргі ақпараттық қоғам жағдайында кітаптың адам дамуы мен сыни ойлауды қалыптастырудағы орны ерекше екенін атап өтті. Сондай-ақ жастардың оқу белсенділігін арттыру және білімді тиімді қолдану мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жоба кітап оқу мәдениетін жаңа форматта дәріптеуді, оқырмандар арасында ашық диалог алаңын қалыптастыруды насихаттайды. Интеллектуалдық ортаны дамытуды көздейтін бастама алдағы уақытта да тұрақты форматта өткізіліп, қоғамдағы өзекті тақырыптарды талқылайтын алаң ретінде жұмысын жалғастырмақ.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1247051?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version