Күкіртті сутекпен уланудың алдын алу

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Күкіртті сутек (H₂S) – өндіріс орындарында кездесетін аса қауіпті улы газдардың бірі. Оның ең үлкен қаупі – жоғары концентрацияда иіс сезу қабілетін әлсіретіп, адамның газдың бар екенін байқамай қалуына себеп болуы. Бұл ауыр зардаптарға, тіпті өмірге қауіп төндіретін жағдайларға әкелуі мүмкін.
Өндірістегі қауіпсіздік – тек талаптарды орындау ғана емес, әрбір қызметкердің өз өмірі мен әріптестерінің амандығына деген жауапкершілігі.
Алдын алу шаралары:
 H₂S концентрациясын стационарлық және тасымалды газталдағыштар арқылы тұрақты бақылау.
Тыныс алу органдарын қорғайтын сертификатталған жеке қорғаныс құралдарын міндетті түрде пайдалану.
Желдету жүйелерінің тиімді жұмысын қамтамасыз ету және жабдықтар мен құбырлардың герметикалығын сақтау.
 Қызметкерлерді жүйелі түрде оқыту, қауіпсіздік бойынша нұсқамалар өткізу және төтенше жағдайларда әрекет ету дағдыларын қалыптастыру.
 Эвакуация жоспарын және алғашқы көмек көрсету тәртібін білу.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-vko/press/news/details/1247602?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version