Лицензиялау, арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі.

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі Арнаулы әлеуметтік қызметтердің  сапасы мен қолжетімділігін арттыру болып табылады. Осы мақсатта 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарды лицензиялау тетігі енгізілді. Лицензиялаудың негізгі мақсаты-қызмет көрсету сапасының біріңғай стандарттарын қамтамасыз ету, қызмет алушылардың қауіпсіздігін арттыру және осы саладағы мемлекеттік бақылауды күшейту болып табылады. Қазіргі уақытта елімізде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін 655  ұйым бар. Оның ішінде 649 ұйым лицензия алып, 103 мыңнан асқан азаматқа қызмет көрсетуде. Үй жағдайында  60 000-нан астам адамдға қызметтер көрсетіліп жатыр.
Лицензиялау басталғалы бері 1400-ден астам өтінім келіп түсті. Өтінімдерді қарау барысында кейбір ұйымдар тарапынан құжаттарды рәсімдеу және белгіленген  талаптарға сәйкестендіру үнемі сапалы болмайтынын атап айту керек. Бас тартудың негізгі себептерінің бірі қажетті рұқсат құжаттарының болмауы. Штаттық нормативтердің сақталмауы, өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалмауы және материалдық-техникалық базаның жеткіліксіздігі болды.
Аталған кемшіліктер жойылған жағдайда лицензия алу үшін қайта өтінімдер беруге кедергі болмайды. Қазіргі уақытта нормативтік-құқықтық база жетілдіріліп, лицензия алған ұйымдарды мемлекеттік бақылау тетіктері күшейтілді. Қызмет сапасы және бақылау жұмыстары одан әрі жалғасуда.
2025 жылдан бастап Шымкент қаласы бойынша лицензиялауға жататын арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары жалпы 27 мекеменің 27-да лицензия алған. Оның ішінде 14- Коммуналдық мемлекеттік мекеме,   13-Үкіметтік емес ұйым. Арнаулы әлеуметтік қызметтер 4 бағыт бойынша қызмет атқарады. Стационарлық, жартылай стационарлық, уақытша болу және үй жағдайында қызмет көрсету.
Лицензия алған Коммуналдық мемлекеттік мекемелер саны-14.                  
 12-КММ-сі Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасымен келісім-шарт түзіліп, қазіргі таңда 2 336 қызмет алушыға қызмет көрсетіп жатыр. 
Лицензия алған Үкіметтік емес ұйымдар саны-13.
Қазіргі таңда нақты-12  Үкіметтік емес ұйым бар. Оның 10- мекемесімен келісім-шарт түзілді. 5- жартылай стационар, 5- үйде қызмет көрсету жағдайы бойынша Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасымен келісім-шарт түзілді. Қазіргі таңда Үкіметтік емес ұйымдарда жалпы қызмет алушылардың саны-660 адам.
 
 
Халықты әлеуметтік қоғау салысындағы бақылау бөлімінің бас маманы Шапиева М.Н.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-shymkent/press/news/details/1246861?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version