Мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 23 маусымда Денисов аудандық мәслихатының төрағасы Шерер Виктор Викторовичтің төрағалығымен сегізінші шақырылған мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті.

Сессия барысында келесі мәселелер қаралды:

1. Мәслихаттың 2022 жылғы 9 желтоқсандағы № 98 «Денисов ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

2. Мәслихаттың 2021 жылғы 8 қыркүйектегі № 58 «Денисов ауданы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

3. Денисов ауданы әкімдігінің жанындағы мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді ортаның сақталуы тұрғысынан әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін түгендеуді (паспорттауды) ұйымдастыру және өткізу бойынша ведомствоаралық комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы.

Денисов ауданы әкімдігі жанындағы комиссиялардың дербес құрамына өзгерістер енгізу туралы тыңдалды:

Сабитова С.С. «Денисов ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы;

Бермухамбетов Е.У. «Денисов ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің терроризмге қарсы комиссияның жұмысы, жұмылдыру дайындығы, төтенше жағдайлар, азаматтық және аумақтық қорғаныс бөлімінің басшысы;

Хабсаддаров А. А. «Денисов ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы.

Сессия барысында Денисов аудандық мәслихатының депутаттары мәслихаттың тиісті шешімдерін қабылдауға дауыс берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-denisov/press/news/details/1245916?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version