Маңғыстау облысы ПД СОБР қызметкері унифайттан бес дүркін Азия чемпионы атанды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 12-15 маусым аралығында Қырғыз Республикасының Шолпан-Ата қаласында ересектер арасында унифайттан Азия чемпионаты өтті.

Қазақстан Республикасы ұлттық құрамасының сапында Маңғыстау облысы полиция департаментінің Арнайы мақсаттағы жедел әрекет ету жасағының қызметкері Айболат Мұратұлы сәтті өнер көрсетіп, +95 келі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды.

Жарыс барысында спортшы Тәжікстан, Үндістан, Қырғызстан және Моңғолия елдерінің мықты өкілдерін сенімді түрде жеңіп, құрлық біріншілігінің чемпионы атанды.

Бұл жеңістің нәтижесінде Айболат Мұратұлы унифайт спортынан бесінші рет Азия чемпионы атағын иеленіп, қазақстандық жекпе-жек мектебінің жоғары деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді. Сонымен қатар халықаралық аренада еліміздің спорттық беделін арттыруға елеулі үлес қосты.

Айболат Мұратұлының жетістігі полиция қызметкерлерінің қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен қатар, спорт саласында да жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, Қазақстанның абыройын асқақтатып жүргенінің жарқын көрінісі болып табылады.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің басшылығы мен жеке құрамы Айболат Мұратұлын айтулы жеңісімен құттықтап, алдағы уақытта да толағай табыстар, жаңа жеңістер мен биік белестерді бағындыруына тілектестік білдіреді.

https://polisia.kz/ru/sotrudnik-sobr-dp-mangistauskoj-oblasti-stal-pyatikratnym-chempionom-azii-po-unifajtu/

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1245589?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version