Марапат

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мемлекеттік қызметшілер күні

 

Үстіміздегі жылдың 23 маусым күні Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласында «Мемлекеттік қызметшілер күні» – кәсіби мерекесіне орай облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен салтанатты жиын өтті. Бұл жиынға облыс аумағындағы мемлекеттік органдардың, облыс аудандарының өкілдері мен осы саланың ардагерлері қатысты. Салтанатты жиында облыс әкімі              Ербол Шырақбайұлы Қарашөкеев құттықтау сөз сөйлеп, мемлекеттік қызмет саласының дамуына сіңіріп жүрген бірқатар мемлекеттік қызметшілерге ведомствалық наградаларды табыс етіп, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілерімен, облыс әкімінің Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттарымен марапаттады.

Осы орайда, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2026 жылғы 11 маусымдағы №94 бұйрығымен мемлекеттік қызметтегі көпжылғы жемісті еңбегі үшін Шу аудандық мәслихат аппаратының басшысы Серікбай Ешмаханбетұлы Сасықбаев «Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгісімен наградталды. Бұл награданы аймақ басшысы Е.Қарашөкеев өзі тапсырды.

Мемлекеттік қызметшілердің еңбегін елеп, осындай қолдау шаралары осы салада жұмыс жасап жүрген, әсіресе жас мемлекеттік қызметшілерді ынталандырып, жігерлендіретіні сөзсіз.  

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-shu/press/news/details/1246762?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version