🔹«Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2026 жылғы 23 маусымда мемлекет кірісіне мүлікті тәркілеу мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізілді. Іс-шараны «Әулиекөл ауданаралық аумақтық мәжбүрлеп орындау бөлімі» филиалының басшысы – аға сот орындаушысы «Әулиекөл ауданының қаржы бөлімі» ММ-мен бірлесіп ұйымдастырды.
🔹Іс-шара барысында қатысушылар келесі мәселелерді егжей-тегжейлі талқылады:
Тәркіленген мүлікті уәкілетті органның теңгеріміне (балансына) берудің мерзімдері мен тәртібі.
Есепке алу және бағалау рәсімдерін жеделдету үшін ведомствоаралық өзара іс-қимыл алгоритмі.
Объектілер мен материалдық құндылықтарды қабылдау-тапсыру процесінде туындайтын проблемалық мәселелерді жою.
🔹Кеңес қорытындысы бойынша бірлескен ұсынымдар әзірленді. Олар заңнаманың қатаң сақталуына және тәркілеудің барлық кезеңдерінің ашықтығына бағытталған.
Костанай облысы
Әділет департаментінін
Баспасөз кызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1246497?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау