Бүгін еліміз бен азаматтарымыздың игілігі жолында аянбай еңбек етіп жүрген жандардың кәсіби мерекесі.
Мемлекеттік қызметші болу – құжаттармен жұмыс істеу ғана емес. Бұл – зор жауапкершілік, салмақты әрі әділ шешім қабылдай білу және қоғамға адал қызмет етуге деген шынайы ұмтылыс.
Есептердегі әрбір көрсеткіш пен қабылданған әрбір шешімнің артында адамдардың тағдыры мен әл-ауқаты тұр. Біз мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін, ашықтығын және тиімділігін арттыруға ұмтыламыз.
Мемлекеттік қызметші күні құтты болсын!
Еңбегіміз Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, халқымыздың әл-ауқатының артуына қызмет ете берсін!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-akmola/press/news/details/1246161?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау