2013 жылдың 23 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президентiнің Жарлығымен 23 маусым күні Мемлекеттік қызметші күні болып жарияланды.
Атаулы мереке қарсаңында, мемлекеттік қызметте 11 жылдан астам еңбек өтілі бар Мажкеев Жасұлан Сүлейманұлын ерекше атап өткіміз келеді.
Ақмола облысының Бұланды ауданының Мат ауылының тумасы – Жасұлан Сүлейманұлы мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын 2014 жылы Бурабай аудандық мәслихат аппаратының бас маманы болып бастап, тиянақтылығы мен еңбекқорлығы арқасында бүгінгі таңда Бурабай аудандық мәслихатының аппарат басшысы қызметіне дейін көтерілді.
Сонымен қатар, ауданның қоғамдық өміріне белсене қатысады. 2020 жылдан бері Бурабай аудандық сайлау комиссиясының мүшесі, сайлау науқандарын өткізілуін ұйымдастыруға белсене қатысқаны үшін Ақмола облыстық сайлау комиссиясы төрағасының және аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталған.
Мемлекеттік қызметші ретінде өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін атқаратын кәсіби қызметіне жұмсайды, өзінің Отаны – Қазақстан Республикасына адал да қалтықсыз қызмет етуде.
Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекеттің тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық бейнесіне жоғары талаптар қояды.
Жасұлан Сүлейманұлы мемлекеттік қызметтегі өз міндеттерін үздік орындауымен өз ұжымында және әріптестері арасында үлгі тұтар, беделді мемлекеттік қызметші болып танылады және өзіне артылған сенімді істі жауапкершілікпен атқарып келеді. Адал еңбегі үшін 2014 жылы мемлекеттік қызметші күніне орай Бурабай ауданы әкімінің Алғыс хатымен, 2015 жылы «Қазақстан Республикасының мәслихаттарына 20 жыл» мерейтойлық медалімен және 2025 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының Алғыс хатымен марапатталған.
Жасұлан Сүлейманұлы мемлекеттік қызметтегі мінсіз қызметіне алғыс білдіріп, алдағы уақытта шығармашылық табыстар, зор денсаулық, еліміздің көркеюі мен дамуына үлес қосудағы жұмысында үлкен жетістіктерге жете беруіне тілектеспіз.
Бурабай аудандық мәслихатының аппараты
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-burabay/press/news/details/1245725?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау