Құрметті мемлекеттік қызметшілер!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мемлекеттік қызметші күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Мемлекеттік қызмет – ел дамуы мен қоғам игілігі жолындағы аса жауапты әрі мәртебелі міндет. Сіздердің күнделікті қажырлы еңбектеріңіз, жоғары кәсібиліктеріңіз бен адал қызметтеріңіз мемлекетіміздің тұрақты дамуына, азаматтардың әл-ауқатының артуына және еліміздің өркендеуіне зор үлес қосуда.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, мемлекеттік аппарат халыққа қызмет ететін, ашық, әділ және тиімді жүйе болуы тиіс. Осы жолда сіздер ел мүддесін бәрінен жоғары қойып, мемлекеттік саясаттың табысты жүзеге асуына, маңызды бағдарламалар мен реформалардың орындалуына аянбай еңбек етіп келесіздер.
Осы айтулы мереке күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке, еңбектеріңізге толағай табыс, мәртебелі қызметтеріңізде жаңа жетістіктер мен биік белестер тілеймін!
Құрметпен,
Қалалық мәслихатының төрағасы О. Баймаганбетов
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karaganda-saran/press/news/details/1246172?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау