Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері тұрғындар арасында өрт қауіпсіздігі талаптары бойынша профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мамандар тұрғындарға өрттің туындау себептері, тұрмыстық электр құрылғыларын пайдалану кезінде жиі жіберілетін қателіктер, ашық отты қолдану кезіндегі сақтық шаралары және төтенше жағдай орын алған кездегі іс-қимыл алгоритмі туралы кеңінен түсіндірді.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау