Үстіміздегі жылдың 5 маусым күні Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық Орталықтың Атырау облысы бойынша өкілдік жанындағы Сараптама кеңесінің отрысы өтті. Кезекті жиын табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу тақырыбына арналған болатын.
Осы орайда, күн тәртібімен Атырау облысы Құрманғазы ауданында орналасқан «Сүйіндік асыл тұқымды зауыты» ЖШС-не қарасты жер телімдерінің өзге адамдардың иелігіне берілгеніні туралы мәселе қаралды.
Отырысқа Сараптама кеңесінің төрағасы Мұрат Сақтаев, серіктестіктің бас директоры, Қазақстанның Еңбек Ері Владимир Розметов, Құрманғазы ауданының әкімі Абат Жанғалиев, Құрманғазы аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің жер кадастры бөлімінің басшысы Ринат Есенғазиев қатынасты.
Жиын барысына СК мүшелері жер дауына қатысты екі жақтың пікірлері мен себеп-салдары тыңдап, талқылады.
Өз кезегінде А.Абдолов мұндай сұрақтар жер қатынастары жөніндегі заңдылықтар аясында шешілетіндігін түсіндірді. Қорытындысында, арыз беруші – «Сүйіндік асыл тұқымды қой зауыты» ЖШС-тің бас директоры В.Розметов және Құрманғазы ауданы әкімі А.Жанғалиев өзара конструктивті келісімге келді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-atyrau-oblysy/press/news/details/1246450?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау