ОТЫРАР АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі Қайрат Жолдыбайдың төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті.
Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл округтерінің әкімдері, бөлім және мекеме басшылары қатысты.
Күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Алғашқы мәселе бойынша құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Мұрат Есінбек аудан көлемінде құрылыс саласында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады. Онда құрылыс нысандарының жүзеге асырылу барысы, елді мекендердің сәулеттік келбетін қалыптастыру, абаттандыру және инфрақұрылымдық жобалардың орындалуы жөнінде мәліметтер берілді.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе – хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысы туралы ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімінің басшысы Мұраділ Қизбаев баяндады. Баяндама барысында берілген тапсырмалардың орындалу деңгейі сараланып, жауапты мекемелердің жұмыстары талқыланды.
Мәжіліс қорытындысында аудан әкімі Қайрат Жолдыбай қаралған мәселелер бойынша нақты тапсырмалар беріп, жоспарланған жұмыстардың сапалы әрі уақытылы орындалуын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-audany/press/news/details/1245683?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version