Құрметті полиция қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Полиция күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жолындағы қызметтеріңіз зор құрметке лайық. Сіздер күн сайын жоғары жауапкершілік танытып, заң үстемдігін қамтамасыз етуге, қоғам тыныштығы мен ел тұрақтылығын сақтауға елеулі үлес қосып келесіздер.
Адал қызметтеріңіз, антқа беріктіктеріңіз бен кәсібиліктеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз. Ел игілігі жолындағы еңбектеріңіз әрдайым жоғары бағаланып, халықтың сеніміне ие бола берсін.
Осы айтулы мерекеде Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, қызметтеріңізге табыс, жауапты міндеттеріңізді абыроймен атқаруда мол жетістіктер тілейміз! Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі жолындағы еңбектеріңіз жемісті болсын!
Ізгі ниетпен, Мәслихат депутаттары
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karaganda-priozersk/press/news/details/1245891?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау