Қалалық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясының жұмысы.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қалалық мәслихаттың  әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясының жұмысы.

 2026 жылдың 23 маусымы күні қалалық мәслихаттың  әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясы кезекті сессиясында қарастырылатын мәселелерді сапалы дайындауды қамтамасыз ету және жұмыстарын үйлестіру мақсатында арнайы қалалық мәслихат төрағасының өкімімен бекітілген  уақытша жұмыс комиссиясымен тексеріске барды. Тексеру барысында Приозерск қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің, білім бөлімінің және жастар саясаты бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Жұмыс комиссиясы мекемелердің қызметіне қатысты өзекті мәселелерді зерделеп, мемлекеттік бағдарламалар мен жоспарлардың орындалу барысын талқылады. Танысу нәтижесінде аталған салалардағы жұмыстың тиімділігін арттыру, көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту және халықтың сұраныстарына жедел ден қою мақсатында бірқатар ұсыныстар мен тапсырмалар берілді.

Атап айтқанда, мәдени-бұқаралық іс-шаралардың мазмұнын жетілдіру, мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру жұмыстарын күшейту, бұқаралық спортты дамыту, жастарды қоғамдық өмірге кеңінен тарту, сондай-ақ білім беру ұйымдарындағы тәрбие және оқу үдерісінің сапасын арттыру бағытында нақты шаралар қабылдау тапсырылды.

Берілген ұсыныстар мен тапсырмалардың орындалуы тұрақты комиссияның бақылауында болады.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karaganda-priozersk/press/news/details/1246234?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version