«Таза Қазақстан» сервисі
Абаттандыру мәселелері туралы енді тез әрі кезексіз хабарлауға болады:
Telegram — TazaQazBot
eGov Mobile → «Таза Қазақстан» бөлімі
Қандай мәселелерді жолдауға болады:
- Рұқсатсыз қоқыс орындары
- Тұрмыстық қатты қалдықтарды уақытында шығармау
- Көше жарығының істен шығуы
- Жол жабындысының бұзылуы
- Санитарлық жағдайдың нашарлығы
Өтініш беру тәртібі:
- Мәселені фотоға түсіріңіз
- Нақты мекенжайды немесе геолокацияны көрсетіңіз
- Қысқаша сипаттама жазыңыз, Өтінішті жіберіңіз
Қалай жұмыс істейді:
Сіздің өтінішіңіз автоматты түрде жергілікті атқарушы органға жіберіледі.
Жауапты қызметтер мәселені жойып, орындалуы туралы фотоесеп ұсынады.
Қазақстан бойынша 45 000-нан астам өтініш қаралып, орындалды.
Таза әрі жайлы қала — бәрімізге ортақ іс
TazaQazBot Telegram желісінде қолжетімді
«Таза Қазақстан» — eGov Mobile қосымшасында.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1246950?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау