Бүгін Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінде Тищенко Артем Алексеевичке Алғыс хат салтанатты түрде табысталды.
Жас өрен 2026 жылғы 10 маусым күні «Самоцветы» саяжай қоғамы аумағында құрғақ шөптің жануы кезінде ерекше ерлік пен жауапкершілік танытты. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін ол қолда бар құралды — бақшаға арналған қол бүріккішті пайдаланып, жалынды ауыздықтауға кірісіп, өрттің кең аумаққа таралуының алдын алды.
Бұл батыл әрекет оның қайсар мінезін, сабырлылығын және қиын сәтте бейжай қалмай, көмекке ұмтылған шынайы азаматтық ұстанымын көрсетті.
Департамент басшылығы мұндай іс-әрекеттер жас ұрпақ үшін нағыз үлгі екенін атап өтіп, ерлік, жауапкершілік және адам өмірі мен қауіпсіздігіне деген құрметтің айқын көрінісі ретінде бағалады.
Артемнің биыл мектеп табалдырығын алғаш аттайтыны да ерекше атап өтілді. Облыстық ТЖД басшылығы жас батырды мектепке дайындауға қолдау көрсетіп, сондай-ақ Білім күні — 1 қыркүйекте оны арнайы сүйемелдеп, алғашқы қоңырау салтанатын ерекше есте қаларлық сәтке айналдыруды жоспарлап отыр.
Өз кезегінде Артем болашақта адамдардың қауіпсіздігі үшін аянбай еңбек ететін құтқарушы болуды армандайтынын айтып өтті:
«Мен өскенде адамдарды құтқарып, қиын жағдайда оларға көмек көрсеткім келеді».
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-karaganda/press/news/details/1246560?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау