Қарақия ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында волейболдан турнир өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарақия ауданында 23 маусым-Мемлекеттік қызметшілер күні кәсіби мерекесіне орай, Аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен волейболдан спорттық жарыс өтті.

Салауатты өмір салтын насихаттауға, ұжымаралық бірлік пен командалық рухты нығайтуға бағытталған бұл турнирге ауданның мемлекеттік қызметшілері белсенді қатысып, спорттық шеберліктері мен физикалық дайындықтарын жоғары деңгейде көрсетті.

Тартысты әрі қызықты өткен ойындар барысында мемлекеттік аппарат өкілдері тек кәсіби салада ғана емес, спорт майданында да шымырлық пен жинақылық танытып, өздерін жаңа қырынан шыңдай түсті. Ел игілігі жолындағы күнделікті қарбалас жұмысты спорттық белсенділікпен ұштастырған бұл шара мемлекеттік қызметшілердің денсаулығын нығайтып, кәсіби мереке қарсаңында оларға ерекше серпін мен көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/1246656?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version