Қаратал ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында жергілікті өзін-өзі басқару саласындағы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, парасаттылық мәдениетін қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдерінің алдын алу мәселелеріне арналған “Парасаттылық және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің профилактикасы” тақырыбындағы дәріс-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің құқықытық сауаттылығын арттыру, адалдық қағидаттарын нығайту және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстарды күшейту болып табылады. Аталған іс-шара Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Департаментінің бастамасымен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау аясында ұйымдастырылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal/press/news/details/1246599?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау