Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған, мемлекеттік қызметке үзілістен кейін қайта қабылданған, сондай-ақ басқа мемлекеттік органдардан ауысу тәртібімен келген қызметкерлерге мемлекеттік қызметті өткеру тәртібі, құқықтары мен міндеттері, шектеулері мен тыйымдары бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған, мемлекеттік қызметке үзілістен кейін қайта қабылданған, сондай-ақ басқа мемлекеттік органдардан ауысу тәртібімен келген қызметкерлерге мемлекеттік қызметті өткеру тәртібі, құқықтары мен міндеттері, шектеулері мен тыйымдары түсіндіріледі.
     Аталған түсіндіру жұмысының негізгі мақсаты – қызметкерлердің мемлекеттік қызметке бейімделуіне жәрдемдесу, заң талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және мемлекеттік қызметшінің жоғары жауапкершілігін қалыптастыру болып табылады.
     Мемлекеттік қызметке қабылданған қызметкерлер келесі негізгі нормативтік құқықтық актілермен таныстырылады:
       – Қазақстан Республикасының Конституциясы;
       – «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
       – «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
       – Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі;
       – ішкі еңбек тәртібі қағидалары;
       – лауазымдық нұсқаулық;
       – ақпараттық қауіпсіздік талаптары;
       – еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптары.

     Әрбір мемлекеттік қызметші өзіне жүктелген лауазымдық міндеттерді адал әрі сапалы орындауға, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасын сақтауға, қызметтік тәртіпті ұстануға, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін құрметтеуге және кәсіби әдеп нормаларын сақтауға міндетті.
     Сонымен қатар қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптары түсіндіріледі. Мемлекеттік қызметші жеке мүдделер мен қызметтік міндеттердің қайшылығына жол бермеуге, мұндай жағдай туындаған кезде ол туралы тікелей басшысына дереу хабарлауға, қызметтік өкілеттігін жеке пайдасына пайдаланбауға, заңнамада белгіленген жағдайларды қоспағанда, сыйлықтар мен өзге де сыйақыларды қабылдамауға міндетті.
     Қызметкерлерге мемлекеттік қызметке байланысты белгіленген шектеулер мен тыйымдар, оның ішінде кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, қызметтік ақпаратты жария етуге, мемлекеттік мүлікті жеке мақсатта пайдалануға және қызметтік жағдайын жеке мүддесіне қолдануға жол берілмейтіні түсіндіріледі.
     Техникалық оқу барысында қызметтік тәртіпті сақтау, жұмыс уақытын тиімді пайдалану, басшылықтың тапсырмаларын уақытылы орындау, әріптестермен және азаматтармен сыпайы қарым-қатынас жасау, мемлекеттік органның оң имиджін қалыптастыру мәселелері де қарастырылды.
     Оқу қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік қызмет қағидаттарын сақтау, заң талаптарын бұлжытпай орындау, кәсіби әдеп нормаларын ұстану және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру әрбір мемлекеттік қызметшінің негізгі міндеттерінің бірі екендігі түсіндірілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-gdu/press/news/details/1246231?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version