ҚАЗЫҒҰРТ: ҚОҒАМ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТКЕН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Қазығұрт ауданында Қазақстан полициясы күніне арналған салтанатты іс-шара өтіп, қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жолында абыройлы қызмет атқарып жүрген полиция қызметкерлері мен ішкі істер органдарының ардагерлеріне құрмет көрсетілді.
Мерекелік жиынға қатысқан аудан әкімінің орынбасары Мақсат Беркінбай сала мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтап, қоғамдағы тыныштық пен тұрақтылықты сақтаудағы, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғаудағы еңбектеріне жоғары баға берді.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған «Заң мен тәртіп» қағидаты ел дамуының және азаматтардың қауіпсіз өмір сүруінің басты кепілі екенін атап өтті. Сондай-ақ құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсібилігі, адалдығы мен жауапкершілігі қоғамның мемлекетке деген сенімін нығайтуда маңызды рөл атқаратынын жеткізді.
Салтанатты шара барысында қызметтік міндетін үлгілі атқарып жүрген бірқатар полиция қызметкерлері мен сала ардагерлері марапатталып, олардың ел тыныштығы мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жолындағы елеулі еңбектеріне алғыс білдірілді.
Қоғамдық қауіпсіздік пен заңдылықтың сақталуы жолында аянбай еңбек етіп жүрген барлық полиция қызметкерлеріне зор денсаулық, отбасыларына амандық, ел игілігі жолындағы қызметтеріне толағай табыс тілейміз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kazygurt-audany/press/news/details/1247470?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version